Бүгін: 20.04.2024

2019 жылғы 5 маусым сағат 10.00-ден 13.00 аралығында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық көмек станциясы» КМК Қарағанды қаласы, Пригородная көшесі, 1, мекенжайы бойынша «Мәжіліс залында» «Санитариялық автокөлік жүргізушілерін» бос орынға қабылдау бойынша конкурс өткізетін болады. Телефон 8 (7212) 56-38-87 (213). 

Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген үміткерлер кәсіпорын басшысының атына өтініш жазуы тиіс (еркін нысанда), өтінішке құжаттардың тізімін: түйіндеме, жекебас куәлігін, жүргізуші куәлігін ұсынуы қажет. 2019 жылдың 4 сәуіріне дейін құжаттарды қабылдау жүргізіледі. 
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды, сондай-ақ жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы. 
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
I – Жол қозғалысы ережесін және автокөлік құрылымын білу бойынша біліктілігін бағалаудан өту.
II – Әңгімелесуден өту (конкурсқа қатысушылар әңгімелесуден өту үшін жол қозғалысы ережесі мен автокөлік құрылымын білу бойынша біліктілігін бағалаудан 1 балл жинай отырып өтуі қажет). 
III – Әңгімелесуден өткендер бос жұмыс орнына қабылданатын болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
1)    жергілікті тіркелімінің болуы;
2)    жүк және жолаушылар тасымалдау көлігіндегі жүргізушілік еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
3)    ВС категориясының болуы;
4)    ҚР ЖҚЕ білу;
5)    Автокөлік құрылымының техникасын білу;
6)    Желіде және профилактикалық байқауда автокөлікті жөндеу және қызмет көрсету бойынша практикалық дағдысын білу;
7)    Қарағанды қ. көшелері мен үйлерін, ықшамаудандарын білу, баратын мекенжайға және медициналық ұйымдардың орналасқан жеріне  жылдам және қауіпсіз жету үшін жергілікті жерде бағдарлануды білу;
8)    Қарағанды облысы бойынша жолдарда қозғалыс кезінде, арнайы көлік құралына орнатылған Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес төтенше жағдайлар мен шұғыл жағдайларда сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғыны (СДЗҚ) пайдалану дағдылары.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ

Послание Президента РК

 

Ресми сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Басшы блогы 
 Зульфикар Ерденбайұлы Әбілқасымов

Сенім телефондары

Часы приема граждан директором

Абилкасимовым Зульфикаром Ерденбаевичем

 по личным вопросам каждую среду с 14:00 до 17:00