Бүгін: 14.10.2024

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ төменде көрсетілген денсаулық сақтау ұйымдарына байқау кеңесінің мүшелігіне бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні: 18.10.2024 жыл.
Конкурсты өткізу орны: «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үйі, 4 қабат, конференц – зал, телефон 8(7212) 559784.
1. Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Пригородная көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық жедел медициналық көмек станциясы» КМК байланыс телефоны 8(7212) 56-38-87. Кәсіпорынның қызметі-медициналық көмек көрсету. 1 бос орын.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау және(немесе) экономика және(немесе) бизнес және(немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлана алмайтын тұлғалар:
- соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
- заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.
Құжаттар «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ № 14 кабинетке баспасөз басылымдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн мерзімде ұсынылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) ұсына алады.
Құжаттарды қабылдау күні 19.09.2024 жылдан бастап.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ

Послание Президента РК

 

Ресми сайты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Басшы блогы 
 Зульфикар Ерденбайұлы Әбілқасымов

Сенім телефондары

Часы приема граждан директором

Абилкасимовым Зульфикаром Ерденбаевичем

 по личным вопросам каждую среду с 14:00 до 17:00